Ағымдағы жылдың қаңтарында бір жыл ішіндегі міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақыларының түсімдері 5,6%-ға қысқарып, 96,5 млн теңгені құрады.
Экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақылары түсімдерінің көлемі бойынша бірінші орында «НОМАД Иншуранс» — 28,9 млн тг (+68,9% жылына).Екінші орынды «Халык – Казахинстрах» алады — 19,7 млн тг (жылдық өсім 4 есе). Көшбасшылар үштігін «Евразия» аяқтайды — 19,4 млн тг (жылдық өсім 2,4 есе).