6 шілде Қазақстан астана күнін атап өтеді: біз Нұр-Сұлтан қаласы «ақылды капитал», қаржылық орталық және өңірлік инвестициялық хаб ретінде дамыту бойынша қаржылық және экономикалық шолу дайындадық. 2018 жылдың қорытындысы бойынша астанада 9,8% жалпы ішкі өнім өңдірілді, мемлекеттік бюджеттің 8,7% табысы қалыптастырылды және елдің негізгі капиталына 9,5% инвестиция тартылды.
Нұр-Сұлтан қаласы заманауи ұлттық экономиканың дамуында ерекше рөл ойнайды. Қала аймағы 801,5 шаршы шақырымды құрайды, онда республиканың 5,9% халқы тұрады (2019 жылғы I тоқсанының соңында — 1,1 млн адам). 2018 жыл бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 5,8 трлн теңгеге жетті, 1 жылдағы өсім ақшалай баламасында 3,7% құрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша халыққа шаққандағы ЖӨӨ 16 мың АҚШ долл. (5,5 млн тг) құрады, сол арада мемлекет бойынша орташа көрсеткіш — 9,5 мың АҚШ долл (3,3 млн теңге) құрады.
2014 жылдан бастап өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2 еседен астам көрсеткішке өсті — 146,8 млрд-тан 340 млрд теңгеге дейін артты.
Аталмыш уақыт аралығында ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің үлес салмағы пайыздық қатынас бойынша есептегенде 3,7%-дан 5,8%-ға өсті. ЖӨӨ-нің (41,1%) негізгі көлемін қалыптастыратын салалар — бөлшек және көтерме сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу (1,1 трлн теңге); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (672,5 млрд теңге) және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар (637,5 млрд теңге).
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін инновациялық жобаларды жүзеге асыру және арнайы экономикалық аймақтың аумағына инвесторларды тарту бойынша жұмыстар СЭЗ 153 қатысушыларының арасында жалпы құны 2 трлн теңгені құрайтын 393 жобаны іске қосуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, № 1 Индустриалды саябақта 71 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған 143,2 млрд теңге тартылды және қазірдің өзінде 1,1 млрд теңгеден артық сомаға өнім өндірілді.
Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан қаласы инвестицияның өңірлік орталығы болып табылады. 2018 жылы қала экономикасына капитал салу көлемі 1,1 трлн теңгені құрады — бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,9% -ға артық және 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 есе көп. 2019 жылдың 5 айы ішінде астананың негізгі капиталына инвестиция 189,2 млрд тг. құрады.
Соңғы үш жылда астана экономикасы 1,3 трлн теңге сомаға қаржыландырылды, олардың ішінде трансферттердің түсу есебінен келген сома — 560,1 млрд теңге. Сонымен қатар соңғы жылдары бюджеттің түсу құрылымында салықтық түсімдердің айтарлықтай өсімі байқалып отыр: 2015 жылы 47,6%-дан бастап 2018 жылы 60,2%-ға дейін . Меншікті табыстың өсуі сол кезең үшін трансфертті түсімдерді жоспарға сай түсірумен қатар жүрді: 63,6%-дан 35%-ға дейін.
Қаланың жағымды экономикалық ортасы жалпы түсімдер құрылымындағы меншікті табыстардың өсуіне ықпал етеді, ол жергілікті бюджет табысын қалыптастырудағы мемлекеттің үлесін біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді. 2019–2021 жылдарға Нұр-Сұлтан қаласының бекітілген бюджетіне сәйкес, табыс сомасы 437 млрд тг құрауы тиіс (2018 жылға қарай +5,9%); оның ішінде салықтық түсімдер — 264,2 млрд тг (60,4%), трансферттер — 161,6 млрд тг (37%).
Сондай-ақ, астана шетелдік инвесторлардың назарын аударып отыр. Өткен жыл ішінде жобаларды жүзеге асыруға және жалпы қаланың инфрақұрылымын дамытуға халықаралық инвесторлардан 964 млн АҚШ долл. тартылды – ол былтырғы жылмен салыстырғанда 64,3%-ға көп (586,6 млн АҚШ долл.).
Қаланың инфрақұрылымыдық дамуынан басқа Smart Astana жобасын жүзеге асыруға айтарлықтай назар аударылып отыр, оның негізіне ең үздік әлемдік тәжірибе және «Ақылды қаланың» 6 негізгі сипаттамасы алынды: ақылды экономика, басқару, өмір, мобильділік, адамдар және қоршаған орта. Бұл бағытта тартылған шетелдік кеңес берушілермен бірігіп «Қауіпсіз қала », Smart City жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Пилоттық режимде «Smart көшені жарықтандыру», «Smart мектеп» және «Smart емхана» сияқты жобалар іске қосылды. Аталған барлық жобалар астана тұрғындарының қауіпсіздігін, ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеруге, өмір сүруге оңтайлы орта қалыптастыру және шығындарды оңтайландыруды қатмамасыз етуге бағытталған. Әлемдік қалаларды дамытудың жаңа парадигмасы: креативтілік экономикалық дамыған елдерде өнімді өндіруге әсер ететін айтарлықтай маңызды факторға айналуда. Бұл феномен стандартты емес жобаларды жүзеге асыруға және капиталды қалыптастыруға мүмкіндіктер беруде.
Астанада бұрынғыдай жоғары көші-қон ағымдары сақталып отыр: 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласына 114,4 мың адам келді, ал 91,6 мың адам көшті. Осылайша, миграция сальдосы 22,7 мың адамды құрады. 2019 жылдың бірінші тоқсаны соңындағы жағдай бойынша көші-қон миграциясы 5,9 мың адамды құрады.
Нұр-Сұлтан қаласы, жас астана бола отырып, әлемдік ірі қалалардың алдында ішкі тұрақтылық, халық өмірінің ұзақтығы мен өсуі, адами фактордың мобильділігі, сонымен қатар, тиімді өндірісті кеңейтуде икемділігі сияқты критерийлерге ие, оның даму бағыты жаңа технологияларды енгізуге және адами капиталды қолдануды кеңейту бойынша база құрастыруға бағдарланған.
Бұдан бөлек, астана елдің ең басты экспат-орталығы, сыртқы және ішкі туризмді дамытуға арналған орын болып табылады. Кірмелік туризмді тартуға тиімді ресурстардың бірі – Нұр-Сұлтанды халықаралық мәдени орталық ретінде дамыту. Өткен жылы Қазақстанда жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау 7,9 млн адамды құрады, оның ішінде 4,5 млн-ын астаналық әуежай қамтамасыз етті, көрсеткіш әуе тасымалдарының бүкіл тарихындағы максималды болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы аясында 7 негізгі жүйені қалыптастыратын бағыттар көрсетіледі:
- бизнес-қызметтер (ең алдымен логистика, қаржылық сектор, шағын бизнес);
- теміржол және авиациялық машина құрастыру, аспап құрастыру, аффинажды өндіріс саласындағы жоғары технологияларды дамыту (болашақта энергия үнемдейтін технологиялар);
- «жасыл экономика» принциптерін енгізу және қаланы Smart City сияқты дамыту;
- медициналық қызметтер, фармацевтика;
- білім беру қызметтері («Назарбаев Университет» АҚ базасында негізі қаланған ғылыми қалашық);
- туризм индустриясы;
- сауда.
2018 жылдың наурызында Қазақстан астанасы алғаш рет 88-інші позицияға жайғасып, әлемдік қаржылық орталықтардың тізіміне енді (The Global Financial Centres Index). Кейін сол жылдың қыркүйектегі рейтингісінің жаңартылымында Нұр-Сұлтан қаласы 61-інші орынға тұрақтады. 2019 жылы Нұр-Сұлтан тағы да 10 сатыға ілгері көтерілді (51-інші орын) және Ыстамбұл, Санкт-Петербург, Мәскеу және Алматы сияқты мегаполистерді басып озып, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның қаржылық орталықтары арасында көшбасшы атанды. 2050 жылға қарай Нұр-Сұлтан әлемнің ең мықты қалаларының қатарына кіруі керек.