Ресейден ұлттық экономикаға инвестиция ағымы бір жыл ішінде 34,4% өсті | FinReview
Пікірлер
2 Сәуір 2019

Ресейден ұлттық экономикаға инвестиция ағымы бір жыл ішінде 34,4% өсті

Қазақстан мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынасы нығайып келеді, оған халықаралық экономикалық қарым-қатынастың басты көрсеткіштері айғақ. Тек 2018 жылдың 9 айында РФ-дан ұлттық экономикаға инвестиция ағымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады, бір жыл бұрын осы кезең ішінде ресейлік инвестиция 877 млн АҚШ долл. құраған болатын (бір жыл ішінде +34,4%).

Ресейден құйылатын инвестиция ағымының артуымен қатар ТШИ* жиынтық ағымындағы олардың меншікті салмағы да артады. Соңғы үш жылда олардың үлесі 3% -дан 6,8%-ға дейін артты. ТШИ жалпы көлемі осы кезеңде 11,7 млрд-тан 17,3 млрд АҚШ долл. дейін артқанын еске саламыз (2015–2018-ж қаңтар-қыркүйек).

ТШИ инвестициялық ағымының географиялық құрылымында РФ келіп түсуі Нидерланд (4,8 млрд АҚШ долл.), АҚШ (4 млрд АҚШ долл.) және Швейцариядан (2,2 млрд АҚШ долл.) кейін 4-ші орында. Бұдан өзге, Ресей ЕАЭО елдері арасында Қазақстанға инвестиция құю жағынан дәстүрлі түрде абсолюттік көшбасшы болып табылады.

Ресей инвесторлары үшін өңдеу өнеркәсібі (3 млрд АҚШ долл.), кен өндіру өнеркәсібі (2,6 млрд АҚШ долл.) және сауда (2 млрд АҚШ долл.) аса басым салалар болып табылады. 2018 жылғы қыркүйек айының соңына осы салаларға құйылған инвестицияның жиынтық көлемі 7,5 млрд АҚШ долл. құрады.

* Тікелей шетелдік инвестициялар.

2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің өзара саудасы 17,6 млрд АҚШ долл. құрады, ол 2017 жылғы нәтижеден 9,8% артық (16 млрд АҚШ долл.).

РФ-мен тауар айналымының үлесі 2019 жылғы қаңтар айына 16,5% құрады. Сол кезеңдегі (ағымдағы жылдың қаңтар айы) Қазақстанның сыртқы саудасының жиынтық көлемі 7,6 млрд АҚШ долл. құрағанын еске саламыз.

Елдер арасындағы өзара сауда негізін үлесі 70,5% (881 млн АҚШ долл.) құрайтын Ресей импорты қалыптастырады; өз кезегінде, қазақстандық тауар және қызмет экспорты 29,5%-ға (367,9 млн АҚШ долл.) тең. Импорт пен экспорттың мұндай арақатынасы тек Қазақстанның ресейлік тауарға тәуелділігінің белгілі деңгейін ғана емес, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін көрсетеді.

Қазақстан аумағында 2019 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша шетелдік қатысумен 12,3 мың кәсіпорын, оның ішінде 5 мыңы – Ресейдің қатысуымен, тіркелген, ол барлық басқа елдердің көрсеткішін бірнеше есе арттырады. Салыстыру үшін, екінші орында Түркия – барлығы 907 кәсіпорын, көшбасшылардың үштігін Қытай аяқтайда – 786 кәсіпорын.

Тіркелген кәсіпорындардың жалпы санынан қолданыстағысы 7,1 мыңды (57,8%) құрайды. Ресейлік кәсіпкерлер мұнда да көш бастап келеді: тіркелгендердің ішінен 3,1 мыңы (62,4%) – қолданыстағы.

2018 жылы Қазақстан мен Ресей бірлесе отырып, 10-нан астам: Ил-103 көп мақсатты ұшағын өндіруден бастап, экономиканы кибер қауіпсіздендіру және цифрландыру саласындағы бірлескен жобаларға дейін, жаһандық жоба ұйымдастырды.

Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын мемлекетаралық байланыстың эталоны деп атап өткенін еске түсіреміз.

2017 жылы, Дүниежүзілік банк деректері бойынша, Қазақстанның экономикасы өсу қарқыны бойынша әлемдік көрсеткіштерден асып түсті. Осылайша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік ІЖӨ 3,1% өскенде, Қазақстанның ІЖӨ 4,1% құрады. Ресей экономикасы, өз кезегінде, 1,5% өскендігін көрсетті.

2010–2017 жылдар динамикасында ұлттық экономика 2011 жылы максималды 7,4% және 2016 жылы минималды 1,1% өскендігін көрсетті. Ал Ресейдің ІЖӨ 2011 жылы 5,3% артқанын көрсетті, ал 2015-2016 жылдары өсімі 2,8% және сәйкесінше 0,2% төмендеді.