2019 жыл жанармай-энергетика кешенінің дамуы үшін тасбысты жыл болды. Себебі былтырғы жылы елде мұнай өндірудің рекордты көрсеткіші орнатылып, ішкі нарық түгелімен қазақстандық бензинмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ көлік бензинін экспорттау қолға алынып, 23 ЖЭК іске қосылды, елге келген инвестициялық ағын көлемі ұлғайды. Нәтижесінде Қазақстан экономикасы нығайып, ЖІӨ 4,4% көлемінде өсті.
Жанармай-энергетикалық кешен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының және елдің жаһандық экономикамен бірлесуінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Елде мұнай қорының жалпы көлемі шамамен 30 млрд баррельді немесе әлемдегі мұнай қорының 1,7%-ын құрайды. Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан Таяу Шығыс елдері мен Латын Америкасы, сондай-ақ Ресей мен АҚШ-тан кейін 12 орында тұр.
Республикада алынатын газ қоры 3,9 трлн м3 құрайды. Бұл көрсеткіш әлемдегі газ қорының 1,7%-ын құрайтынынын аңғартады. Табиғи газ ресурстарының басым бөлігі Атырау (43%), Маңғыстау (29 %) және Батыс Қазақстан (19 %) облыстарына тиесілі.
Соңғы үш жылда мұнай-газ саласындағы ең ірі жобалар қатарында:
- 2017 жылы «Рожковское» (Батыс Қазақстан облысы) кен орнында мұнай алынатын жаңа кен орнының ашылуы;
- Оңтүстік өңірлерді газ мәселесі бойынша Өзбекстан импортынан азайтатын, отыз жыл бойы Жамбыл облысын газбен қамтамасыз ете алатын «Жарқұм» кен орнының тәжірибелік-өндірістік мақсатта іске қосылуы сынды жобалар болды.
Мұнай өндіру көлемі мұнай-газ саласының даму тарихында алғаш рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді
Қазақстанда шамамен 250-ден астам мұнай және газ кен орындары бар. Оларда мұнай өндіру ісімен 104 мекеме айналысуда. Дәлірек айтсақ, 2018 жылы олардың көлемі 100 болса, 2017 жылы – 99-ды құраған.
2018 жылы елдегі ірі мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмысы аяқталған соң, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі рекордты көрсеткішке жетті. Бұл көрсеткіш 90,4 млн тоннаны, яғни 12,2 трлн теңгені құрады (2017 жылмен салыстырғанда – 33%-ға артқан).
2019 жылы ірі жобаларда (Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, мұнай өндіру көлемі 90,5 млн тонна, яғни 12,3 трлн теңгеге жетті. Мұнай өндіру жөнінен Атырау (49,4 млн тонна), Маңғыстау (17,9 млн тонна) және Батыс Қазақстан облыстары (11,7 млн тонн) көш бастады.
Мұнай өндіру көлемін сақтау өнім экспортын қалыптасқан деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді – 2019 жылдың он бір айында – 59,6 млн тонна (2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға артық көрсеткіш). Бұл ретте 2018 жылы Қазақстан 72,5 млн тонна мұнайды экспорттағанын естен шығармаған жөн.
Мұнай және газ саласын дамыту ұлттық экномиканың дамуына күшті әсер етті. Осылайша 2019 жылдың он бір айында ЖІӨ-де аталған сала үлесі 17%-ды құрап, экономика өсімін 4,4%-дық деңгейге жеткізді. Бұл ретте ЖІӨ өсуі мұнай өндіру көлемінің артуы салдарынан емес, мұнай және мұнай өнімдеріне бағаның артуымен түсіндірілді. Мысалы бір жыл ішінде баррель құны 8%-ға артып, 61 АҚШ долларынан 66 АҚШ доллары көлеміне дейін артты.
Жаңғырту жұмыстарының басты нәтижесі – Қазақстанның ішкі нарығын отынмен қамтамасыз ету болды
МӨЗ жаңғыртылғаннан кейін бензин өндіру 84%-ға, дизельдік отын – 36%-ға, ал әуе отыны бірден үш есеге артты. «ҚазМұнайГаз» АҚ мәліметтері бойынша, қазақстандық үш МӨЗ бензинді нарық қажеттілігінен 24%-ға артық өндіре алады екен. Елде бензин тапшылығы шамамен 2032 жылы болады деп болжануда.
2019 жылы елде 17,1 млн тонна мұнай өңделді. Бұл былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 5%-ға артық. Нәтижесінде бензин шығару, оның ішінде әуе бензинін шығару көлемі 14,4%-ға артып, 4,5 млн тоннаны құрады (2018 жылы шамамен 4 млн тонна).
Бензиннің ең көп шығарылған көлемі Шымкент қаласында тіркелді. Мұнда 1,9 млн тонна бензин өндірілген, бұл өнімнің жалпы көлемінің 42%-ын құрайды. Өңірде республикадағы ең жаңа мұнай өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Бензин өндірісінің 30%-ымен Павлодар мұнай-химия зауыты (1,4 млн тонна) қамтамасыз етіп отыр. Ал Атырау МӨЗ 1,2 млн тонна бензин өндірген.
Бұған дейін ішкі нарық импортқа тікелей тәуелді болып, кейбір мұнай өнімдері бойынша оның көлемі 40%-дан артық көрсеткішті құрайтын еді. Десе де нарықта отын тапшылығы орын алатын.
Енді бензин өндіру көлемі артқаннан кейін, Қазақстан импортталатын өнім көлемін барынша азайтпақ. 2019 жылдың тоғыз айының нәтижесі бойынша импорт көлемі 18,7 мың тоннаны құраған. 2018 жылдың дәл осындай кезеңінде импорт көлемі 590 мың тонна болған.
Бұдан бөлек Қазақстан бүгінде бензинді импорттауға мұқтаж емес және ішкі нарық сұранысын толығымен өтеп келеді. Осылайша 4,5 млн тонна көлемінде бензин шығарылғанда, тұтынған бензин көлемі 4,2 млн тоннаны құрағаны анықталған. Яғни қазіргі таңда Қазақстанда керісінше бензин профициті байқалады.
Зауыт өндірісіне қолдау көрсету үшін, өнімді экспорттау ісін дамытқан жөн. Осыған орай, 2019 жылдың шілде айынан бензин шетелге жөнелтіле бастады. Елде ай сайын 20-30 мың тонна көлік бензині экспортталады.
Қазақстан бензин бағасы ең төмен 10 елдің қатарына кіреді
2020 жылдың қаңтар айының басындағы жағдай бойынша әлем бойынша бензиннің орташа бағасы бір литрына 420,8 теңгені құраған. Қазақстанда бензиннің литры 174 теңгені құрады. Аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан 92 елден тұратын әлемдік рейтингте 9 орынға тұрақтаған. Айта кетерлігі, ТМД елдері бойынша республика тек Түркместанға ғана жол беріп тұр. Мұнда бензиннің бір литрының бағасы – 163,6 теңгені құрайды.
Жалпы бензин бағасына қатысты айырмашылық елеулі. Мысалы ең арзан бензин Венесуэлада (литрына 0,23 теңге) тіркелсе, кейін рейтингте Иран жайғасқан. Мұнда бір литр бензиннің бағасы – 42,4 теңгені құрайды. Рейтингте одан кейін Судан елі (бір литрына 64,9 теңге) жайғасқан. Ал ең қымбат бензин Гонконта – литрына 876,7 теңге тіркелген. Сол сияқты бензин бағасы ең қымбат елдердің үштігіне Монако (литрына 24,4 теңге) және Исландия (литрына 722,2 теңге) енген.
Бензин бағасының әр елде әр түрлі болуы секторға берілетін субсидия және салық салу деңгейіне тікелей байланысты. Жалпы экономикасы дамыған елдерде салық көлемі әлдеқайда жоғары болғандықтан, бензин бағасы да жоғары болады. Салық салу көлемі дамушы және өтпелі экономикасы бар, сол сияқты мұнайды өндіретін әрі экспорттайтын елдерде аз болады.
Мемлекеттік бюджеттің 44%-ы мұнай газ секторынан түскен салық есебінен құрылады
Қазақстанның 30 ірі салық төлеушілерінің салықтық аударымдары салық түсімдері мен мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдердің 60% құрайды.
2019 жылы мемлекеттік бюджетке 9,7 трлн теңге түскен. Сонымен қатар 30 ірі салық төлеуші 4,9 трлн теңге салық төледі, оның 4,3 триллион теңгесі мұнай мен газ өндірумен айналысатын кәсіпорындардан келді.
Яғни мемлекеттік бюджеттің 44%-ы мұнай-газ сеторы есебінен құралып отыр.
Шикі мұнай мен табиғи газ экономиканың барынша инвестициялық әрі тартымды секторы болып табылады
2019 жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестиция көлемі 9,5 млрд АҚШ долл. көлемінде болды, бұл көрсеткіш барлық шетелдік инвестиция көлеміның 51,6%-ын құрады.
Шетелдік инвестицияның Қазақстанның ірі мұнай және газ жобаларындағы (Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған) үлесі 80%-дан бастап 90% аралығын қамтиды.
Мұндай жоғары көрсеткішке қол жеткізудің басты себебі инновациялық қызметтің төмен деңгейі мен адами капиталды дамытудың жеткіліксіздігі болып табылады. Осылайша Қазақстан адами даму индексінде 58 орынға тұрақтаса, инновациялар бойынша 74 орыннан, ал бизнес жүргізуге қолайлығы жөнінен 36-шы орыннан көрінді.
Более того, в среднесрочный период ожидается увеличение инвестиционных потоков на 44,5 млрд долл. США за счет реализации трех проектов: расширение Тенгиза к 2023 году (объем инвестиций 36,8 млрд долл. США), расширение первого этапа Кашагана (2 млрд долл. США), продление уровня добычи на Карачаганаке (4,5 млрд долл. США).
Бұдан бөлек, орта мерзімді перспективада үш жоба арқылы инвестициялар ағыны 44,5 миллиард АҚШ долларға артады деп күтілуде: 2023 жылға қарай Теңіз кен орнын кеңейту (инвестиция көлемі 36,8 миллиард АҚШ доллары), Қашағанның бірінші кезегін кеңейту (2 миллиард АҚШ доллары), Қарашығанақтағы өндірісті кеңейту (4,5 млрд АҚШ доллары).
Нәтижесінде жыл сайынғы мұнай өндіру көлемін 100 млн тоннадан дейін артатын болады.
ЖЭК нысандары арқылы энергия өндіру көлемі 65%-ға артты
2016 жылдан бастап Қазақстан жаңартылған энергия көздерін дамытуды қолға ала бастады. «Жасыл» энергия нарығын ынталандыру үшін, Үкімет доллар бағамының өзгеруі және инфляцияны ескере отырып, белгіленген тариф жүйесін іске қосты. Нәтижесінде іске қосылған нысан саны жыл сайын артатын болды. Осылайша 2017 жылы 6 ЖЭК, 2018 жылы – 10 ЖЭК және 2019 жылы – 23 ЖЭК іске қосылған.
2019 жылдың нәтижелері бойынша республикада қуаттылығы 1061 МВт-ты құрайтын 90 ЖЭК нысаны іске қосылған. 2019 жылдың тоғыз айында олар 1,65 млрд кВ сағатты құрайтын электр энергиясын өндірген. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артық көртсеткіш.
Жалпы электр энергиясы ішінде жаңартылған энергетика үлесі шамамен 2,3%-ды құрайды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 1,3%-ды құраған.
Өсім Алматы, Қарағанды және Жамбыл облыстарында іске қосылған 100-мегаваттық күн сәулесі станциялары, сондай-ақ Жамбыл облысындағы 50-мегаваттық және Ақмола мен Маңғыстау облыстарында іске қосылған 42-мегаваттық жел станциясы есебінен орын алды.
Жалпы Қазақстан үшін ЖЭК-ты дамытудың экономикалық маңыздылығы – «жасыл» технологияларды енгізу арқылы ұлттық экономиканың энергетикалық тиімділігін 40–60%-ға артып, суды тұтыну көрсеткішін 50%-ға азайту болып отыр. Бұған қоса «жасыл» өсім үлгісіне өту ЖІӨ-нің қосымша 3%-ға артуын қамтамасыз етеді.