Құрылыс компаниялары соңғы 10 жыл ішінде 983,4 млрд теңгені құрайтын рекордтық соманы табуға мүмкіндік алды — бұл, 2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 14% -ға өсуін қамтамасыз етті. Құрылыстың ЖІӨ-нің қалыптастырудағы үлесі 5,6%-ға дейін жетті. Сонымен қатар, жуықта құрылған инфрақұрылым арқасында елдің инвестициялық белсенділігі айтарлықтай күшейген, оның құрылыс саласындағы экономикалық даму үшін қосқан үлесі 6,2%-ға дейін жете алады.
Құрылыс саласы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып қана қоймай, инвестицияландырудың да тартымды бағыттарының бірі болып келеді. Құрылыс саласы ЖІӨ құрамының 5,6% құрайды, ал құрылыс жұмыстарының көлемі жыл сайын орта есеппен 10% артып отыр.
2019 жылдың қорытындысы бойынша, 4,4 трлн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары орындалды, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті. Сонымен қатар, қызметтің негізгі түрлерінде даму байқалады — құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 11,7%-ға (3,8 трлн теңгеге дейін) өсті, күрделі жөндеудің өсуі 20,6%-ға дейін жетті (336,9 млрд теңгеге дейін), және ағымдағы жөндеу 19,6%-ды құрады (319,4 млрд теңгеге дейін).
Нәтижесінде, құрылыс компаниялары 47,1 мың құрылыс нысанын пайдалануға берді, оның 42,6 мыңы – тұрғын үйлер.
Өте көлемді жобалар ретінде электр жеткізу құрылғыларын (газ құбырлары, мұнай құбырлары және т.б.) салу — орындалған жұмыстар мен қызметтер көлемі 1 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ, ауқымды жобалар – аэродромдарда автомобиль жолдарын, темір жолдарды және қону белдеулерін салу және жөндеу. Олардың жалпы құны 781,4 млрд. теңгені құрады.
Өз кезегінде, тұрғын үйлер құрылысының көлемі 650,2 млрд теңгені, ал өнеркәсіптік нысандар 579 млрд теңгені құрады.
Құрылыс секторы компаниялардың жоғары қаржылық тұрақтылығын көрсетеді
Құрылыс саласы жұмыстары мен қызметтерін жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың 88,3%-ы (немесе 3,9 трлн теңге) кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен бөлінді. Құрылысты қаржыландыруға мемлекеттің қатысу үлесі тек 0,2%-ды (немесе 6,9 млрд теңге) құрады, ал қалған 11,6% (немесе 510,8 млрд теңге) шетелдік кәсіпорындардан алынды.
Соңғы 10 жылда жоғарыда айтылған тенденция сақталып отыр, әрі жыл сайын меншікті капиталдың үлесі артуда. Кәсіпорындар есебінен жобалардың қаржыландыруы. Елдегі құрылыс бизнесін дамуына және компаниялардың қаржылық тұрақтылығын күшейтуіне себеп болатын көрсеткіш ол-кәсіпорындар есебінен жобалардың қаржыландыруы екені мәлім.
Кәсіпорындардың саны бойынша құрылыс секторы сауда секторынан кейін екінші орын алады
Қазақстанда 446,7 мың кәсіпорын тіркелген, олардың 59,3 мыңы құрылыс саласында жұмыс істейді, ал 38,5 мыңы белсенді болып келеді.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі үлесіне 50-ге дейін қызметкері бар шағын компаниялар кіреді. Орта компанияларға келетін болсақ, олардың саны 325-ға, ал үлкендері 149-ке дейін жетеді.
Құрылыс фирмаларының ең көп шоғырлануы Нұр-Сұлтан (9,3 мың кәсіпорын) және Алматы (6,5 мың) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (2,9 мың), Шымкент қаласында (2,4 мың) және Маңғыстауда облысында құрылыс кәсіпорындар орналасқан (1,9 мың).
Құрылыс ұйымдары сатқан өнімнің жалпы көлемі 18% артып, рекордтық деңгейге жетті
Компаниялардың белсенділігінің артуы барысында, құрылыс компаниялары 2019 жылы рекордтық кіріс алды — тоғыз айда кәсіпорындар 983,4 млрд теңгеге ие болды. Соңғы он жылдың ішінде бұл көрсеткіш ең жоғары болып саналады.
Сектордағы өнімділіктің артуы мемлекеттік бюджетке салық төлемдерінің өсуінен де көрінеді. 2019 жылы ел бюджетіне салықтардан 9,7 трлн теңге түсті, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Оның ішіндегі төлемдердің шамамен 80%-ы Қазақстандағы 300 ірі салық төлеушілерден тұрады. Сонымен қатар, тізімге енгізілген компаниялардың басым бөлігі тау-кен өндірісі, өңдеу, көтерме мен бөлшек сауда, және құрылыс салаларында қызмет атқарады.
Ірі салық төлеушілер болып табылатын құрылыс компаниялары мемлекеттік бюджетті 180 миллиард теңгеден астам қаражатқа толықтырды. Төлемдердің 26%-ы BI Group, Bazis Construction, Unex Stroy, ASPMK-519, Монтажспецстрой, т.б. 10 ірі құрылыс компаниялары арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, құрылыстағы өндірістің табыстылығы 10-12% деңгейінде ғана қалып отыр. Мәселен, 2012 жылға дейін бұл көрсеткіш 20 – 25% құрады. Мұның себебі — бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасының өсуі, әсіресе валюта бағамын түзету кезеңінде олар ең үлкен импульсқа ие болады. Сонымен, соңғы он жылда тұрғын үй құны жыл сайын орта есеппен 8%-ға өсіп келеді. 2019 жылдың соңында бағасы 1 ш.м. жаңа тұрғын үй 293,5 мың теңгені құрады.
БҰҰ стандарттарына қол жеткізу үшін ел кем дегенде жылына 1 шаршы м тұрғын үйді енгізу қажет, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш бар болғаны 0,6 шаршы метрді құрайды
Қолданысқа берілген тұрғын үйлердің ауданы 2019 жылы 5%-ға артып, 12,9 миллион шаршы метрге жетті. Құрылыс компаниялары 42,6 мың тұрғын үй, басқаша айтқанда 115,8 мың пәтер салды.
Дегенмен, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру елдегі құрылыс қарқыны үшін жеткіліксіз. БҰҰ әлеуметтік стандарттарына сәйкес, елдің әр тұрғынында кемінде 30 шаршы метр болуы керек, ал Қазақстанда бұл сан тек 22 шаршы метрді ғана құрайды.
Бұл тенденция бір жағынан қоғам үшін жағымсыз көріністі көрсетеді, ал екінші жағынан, бұл құрылыс саласының әлеуетті түрде толық ашылмағанының белгісі. Осы саладағы қаржыландырудың жетіспеушілігі оның одан әрі дамуына тежеу болып келетіні анық.
Сонымен, 2019 жылы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте, кәсіпорындардың меншікті активтері қаражаттың негізгі бөлігін — 1,1 трлн теңгені құрады. Яғни, құрылыс саласы қаржыландыру көздерімен шектелген.
Расында да, мемлекеттік қаржыландыру үлесі бар-жоғы 17%-ды, ал шетелдік қорлардың үлесі — 7%-ды құрайды. Сонымен қатар, құрылыс жобаларында тұрғындар қаражатының үлесі мемлекеттік қаржыландыруға қарағанда 2 есе жоғары болды. Осылайша, халықтың қаражаты 551,5 млрд теңгені, ал мемлекет қаражаты 247,3 млрд теңгені құрады.
Қазақстанда құрылған инвестициялық инфрақұрылым құрылыс саласының дамуына негізгі серпін болуы мүмкін
Соңғы бес жылдағы Қазақстанның инвестициялық саясаты елдегі инвестициялық ахуалды недәуір нығайтты. Мәселен, 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушы компаниялары Қазақстанға 130 млн. АҚШ долларын инвестициялады. Сонымен қатар, Astana International Exchange арқылы ұлттық экономикаға шамамен 2,5 млрд АҚШ долл. портфельдік инвестициялар тартылды, оның ішінде 2 млрд АҚШ долларынан астам мөлшердегі қарыз капиталы және 216 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі меншікті капитал.
Инвестициялар ағындарды жүзеге асыру даму институттары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, Қазақстанның Даму Банкі, KazakhExport, Kazyna Capital Management, Kazakhstan Project Preparation, Astana Hub, «Даму» Қоры, Qaztech және т.б, сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктері арқылы жүзеге асырылуда.
Айта келе, қосымша инвестициялық қорларды тарту құрылыс саласын дамытуға түрткі болады. Осылайша, тікелей шетелдік инвестициялар үлесі 1%-ға ұлғайған кезде, ол ЖІӨ қалыптастырушы ретінде, өзіндік үлесін 0,2%-ға дейін көтереді, ал тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың өсуі ЖІӨ-нің 0,1%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Яғни, бұл салаға инвестициялар ағынының ұлғаюы жағдайында, мысалы, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда, ТШИ 816 млн Долларды құраған кезде, құрылыстың ЖІӨ қалыптастыруға қосқан үлесі 6,2% -ға дейін артады, бұл өз кезегінде экономикалық өсуді 4,5% дейін жеделдетеді.